Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қазақстан «халал» өнімдерді әлемдік нарыққа шығармақ
22 ақпан, 2016 жыл 12 Басып шығару нұсқасы
20760-212-_aza_stan_halal_n_md_ruАуыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев «халал» өнімдерінің әлемдік нарығын белсенді игеруді тапсырды.

«Кейінгі кездері «халал» азық-түлік тауарларының өндірісі қарқын алып жатқаны туралы көп айтылуда. Келешекте бұл нарық жылына 6,5 пайызға өсіп отыратын болады. 2020 жылға қарай оның жалпы көлемі 2,5 трлн. долларға жетпек. Бұл өте үлкен нарық, Бразилия, Франция, Оңтүстік Корея елдері осы бизнеске қызығушылық танытып отырғанда біз мұнда өз орнымызды тауып алуымыз қажет. Тұтынатын нарықтар да бізге жақын - Иран, Орталық Азия, Қытай, Түркия. Осы мәселеге келгенде бізге белсендірек қимылдаған дұрыс болады», - деді Б.Сағынтаев.
Бұның алдында, вице-премьер Қазақстанның азық-түлік нарығы Қытайға бағытталуы тиіс деген болатын. Себебі көптеген келіссөздерден кейін, Қытай Қазақстанға өзінің нарығын ашып, азық-түлік тауарларын сатып алуға үлкен қызығушылық танытуда.
ҚазАқпарат

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары