Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласының Independencia метро станциясында لا غالب الا الله(Лә ғаалиба иллә Аллаһ) зікірі нақышталып, метроның сәнін кіргізіп тұр. Мағынасы «Жеңіс иесі тек Алла ғана!».
Бұл нақыштарды астана әкімдігі Испаниядағы Әлхамра сарайының сәулетіне ұқсатып жасаған. Әлхамра сарайы Андалусиядағы ислами сәулет өнерімен көркем нақышталған ескі жәдігерлердің бірі.
Метродағы ислами сәулет өнерін
мына сілтемеден толық тамашалай аласыздар:
http://www.ihsan.kz/archives/22850
Фото: Омар Мұса Таргал, Анадолы агенттігі
Пікірлер