Кеше Анкарада сағат 18.25-те жарылыс болды. Террористер жарылғыш затты әскери қыметтік автобусына орнатқан. Үш бірдей автобусты шарпыған жарылыс 28 адамның өмірін қиып, 61 кісіні жаралады. Қазан айында 103 адамның жанын қиған террористік оқиғадан кейінгі бұл оқиға да түрік бауырларымыз үшін ауыр соққы болды.
Түрік бауырларымыздың бұл қайғыларына қабырғамыз қайысып, көңіл айтамыз! Алла бауырларымызға сабыр, тыныштық, берекет берсін!
Пікірлер