Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақжал кенті мәулітті тойлап өтті
07 ақпан, 2016 жыл 134 Басып шығару нұсқасы
Шет ауданы Ақжал кентінде Мәуліт мерекесі салтанатты түрде тойланды. Шет аудандық орталық мешіті – «Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Б.А.Маханбетчинннің бастамасымен қолға алынған шара ауыл тұрғындарын бір марқайтты. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін кең көлемде жұртшылыққа насихаттаған мешіт имамдары, қазыналы қарттар мен жас өркенге уағыз-насихат жолдады.  «Шұғыла» мәдениет үйінде театрланған көрініс қойылып, мектеп оқушылар сахнада Алла елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат жолдады. «Жанқұтты би» мешітінің наиб имамы Әкімтай Аңсар мен Балқаш қаласы теміржолшылар мешітінің бас имамы Медет қажы Құралұлы өңір тұрғындарын қасиетті мерекемен құттықтап, М.Құралұлы мәуліт оқыды.  Өмірлік мәні бар діни тақырыптарда ән-жыр шашылып, кеш соңында ақсақалдарға дастархан жайылды. Ауыл қарттары Алладан елімізге тыныштық, бірлік, береке тілеп, имамдарға алғыстарын жеткізді.

 

«Жанқұтты би» мешітінің баспасөз қызметі

[gallery ids="22554,22556,22557,22558,22559,22560"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары