Instagram желісіндегі акаунттардың бірінде жарияланған мұсылман қыздарына сай киімдегі барби қуыршақтарының фотосы көпшілікті таңқалдырды.
@Hijarbie деп аталатын аккаунтқа бір жарым айдың ішінде он бір мыңнан аса адам тіркелген.
Бұл жеке парақшаны ашқан Нигеря елінің 24 жасар Ханифа Адам атты тұрғыны.
Оның айтуынша қуыршақтарға хиджап кигізіп, жариялауының басты мақсаты – мұсылман қыздарына шабыт беру, олардың бұл қоғамда жалғыз емес екенін өздеріне ұқсайтындардың барын сезінуге көмектесу.
Ханифа қуыршаққа арналған киімдерді өз қолымен тігетінін де айта кетті. Оқырмандар тарапынан киімдерге деген сұраныс жоғары. Сондықтан да қуыршаққа арналған хиджаптар онлайн сатылымға шығуы да мүмкін.
Пікірлер