Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысында қарттар үйі өртеніп кетті
05 ақпан, 2016 жыл 32 Басып шығару нұсқасы
Қарағанды облысында қарттар үйі өртке оранып, төтенше жағдай орын алды. Бұқар жырау ауданының Ғ.Мұстафин кентіндегі қарттар үйінен өрт шығып, тілсіз жаудың алдын алғанша жартысы жанып үлгерді. Абырой қылғанда тез арада көмек көрсетіліп, 22 қартты  аман-есен құтқарып қалды. Аудан әкімі панасыз қалған қарияларды көп қабатты үйлердің біріне орналастырды.

Қазыналы қарттардың басына түскен қиындыққа дін өкілдері бей-жай қарай алмады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы имамдарға Діни басқарманың қайырымдылық бағыты бойынша тапсырма беріп, қиындыққа тап болған жұрттың жағдайын біліп, көмек көрсетуді жүктеді.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мерей Жақияұлы мен Бұқар жырау ауданының имамы Аманбол Рымқұлұлы ауылға ат басын бұрып, ақсақалдар мен апаларымыздың қал-жағдайын сұрап, күнделікті қажет азық-түлікпен жәрдем көрсетті. Дін өкілдері Алладан қарияларымызға күш-қуат беріп, болған істің берекесін берсін деп дұға тіледі.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

[gallery link="file" ids="22487,22486,22482,22477"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары