Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Шарап», «арақ» сөздеріне тыйым салынды
04 ақпан, 2016 жыл 11 Басып шығару нұсқасы
26df384b88c987d019ce6e67ed36649dИран Ислам Республикасының Мәдениет министрлігі «шарап» сөзіне цензура қоюды ұсынып жатыр. Бұдан былай «шарап» сөзі Иран елінде шығатын кітап бетінен де, баспасөз бетінен де көрінбеуі мүмкін. Мәдениет министрлігіне қарасты кітап баспасын қадағалаушы Мұхаммед Сельги арақ-шараптың атауы, тіпті «шарап» деген сөздің өзі Иран елінен шығарылатын кез-келген кітап пен БАҚ беттеріне шығып кетпеуін қадағалайтын арнайы комиссия құрылатындығын мәлімдеді.

Десек те, ақылды – «шарап», ойды «мастық» деп образдаған Омар Хаямның еңбектері шарап сөзіне толып тұрғандықтан, сондай-ақ, ішімдікті харам деп тыйған Құранда да шарап сөзі кездесетіндіктен, мұндай кітаптарды басып шығаруға рұқсат берілетін арнайы баспалардың тізімі құрылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Иран елінде 1979 жылдан бері алкогольдік ішімдікті сатуға тыйым салынған. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары