Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Латын Америкадағы 90%-ы мұсылмандар болған ауылды білесіз бе?
03 ақпан, 2016 жыл 122 Басып шығару нұсқасы


Ислам діні Латын Америкасында бүршік жарып келеді. Мексиканың Чиабас аймағындағы бір ауыл 1994 жылдан бері мұсылманша өмір сүріп келеді. Ауылдың есімі – Сан Кристобал. Алайда жергілікті халық ауылдарының есімін мұсылманша «Ахмадия» деп өзгертіп алған. Шамамен 5 мыңға жуық халқы бар бұл ауылдың 90%-ы мұсылмандар.

pgCtD_1454419972_0674

Ислам дінімен бұл аймақ 1990-шы жылдары таныса бастаған. Халықтың мұсылмандықты қабылдауына Мұхаммед Нафия есімді бір испан мұсылманы себепкер болған. Мұхаммед Нафия бұл жерге сапатистердің көтерілісінен кейін келіп, осы жерде халыққа Ислам дінін үйрету үшін қалып қояды. Осылайша, халықтың басым көпшілігі Ислам дінін қабылдап, бәрі жабылып ауылдарынан бір мешіт салады. Қазір бұл мешітте Нафияның алғашқы шәкірттерінің бірі болған Ибраһим Чечев имамдық қызметін атқарады әрі ауыл балаларына Құран мен Исламды үйретеді.

«Чиабаста алғашында Ислам діні жайында ешкімнің хабары жоқ еді. Тіпті, Мексиканың өзінде Ислам діні танылмаған бір дін. Мен Ислам дінін 15 жасымда қабылдадым. Отбасым менен бұрын мұсылман болды. Қазір ауылымыздың жалғыз мешітінде имаммын», – дейді Ибраһим.


DKqJf_1454420004_2927


Ахмадия ауылының мұсылмандары балаларын да Ислам дінінде тәрбиелеуде. Яғни, ауылдың жаңа нәсілі Ислам дінімен өсіп келеді. Бұл ауылда Ислами мектеп те ашылған. Былайша айтқанда, медресе. Балалар осы жерден тәлім алады.

Бұл ауылдан шыққан жаңа нәсіл бүтін Латын Америкаға Ислам дінін жаятын қарлығаштар болады деген үміттеміз. 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары