«Ислам терроризмге еш рұқсат етпейді, бұл – бір. Екіншіден, ешкімнің Ислам мен терроризмді қатар қоюға, бірге ауызға алуға қақысы жоқ. Үшіншіден, ИСИМ – бір террористік ұйым және ИСИМ-нің Исламмен ешбір қатысы жоқ». Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Чилиде өткен БҰҰ-ның Латын Америкасы және Кариб бассейніне арналған экономикалық комиссиясы конференциясында осылай деді.
Ол Жаһандық бейбітшіліктің алдындағы ең үлкен проблемалардың бірі болған терроризмді сынады. Ол «террор ұйымдарының мынауы – жақсы, анауы жаман дей алмаймыз» деді.
Оның айтуынша, терроризмнің діні, ұлты, руы болмайды. «Ислам дінін терроризммен байланыстыратындар дін атын жамылған террористік ұйымдарын демеп, қолдап, қолтығына су бүріккендерін білулері тиіс. «Ислам» сөзінің бейбітшілік түбірінен келетінін тағы да анықтап айтамын. Ислам еш уақытта терроризмге рұқсат етпейді!», – деді ол.
Ердоған ИСИМ-нің Исламға бес қайнаса сорпасы қосылмайтынын, керісінше дінімізге тек қана зарар, зиян келтіріп жатқанын, Исламға дұшпан бір ұйым екенін тілге тиек етті.
Пікірлер