«Балқаш қалалық орталық мешітінің» бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы жер-жердегі мешіттердің қал-ахуалымен танысып жүр. Мешіттердің ішкі-сыртқы мәселелеріне құлақ түріп, шешуі күрделі мәселелерге атсалысуда. Бүгінгі есігі қағылған мешіт «Теміржолшылар» мешіті болды. Бас имам мешіттің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. «Теміржолшылар» мешітінің имамы Әлімқұлов Медетпен жүзбе-жүз кездесіп, мешіттегі мәселелерді пысықтады. Алдағы күндерге жоспарлар құрып, тапсырмалар берді. Сондай-ақ, осы сәтті пайдаланып, мешіт жамағатымен қауышты. Ербол Мұқанұлы ауыл тұрғындарының мешітке әрдайым келіп, имаммен біргелікте атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын танытып, алғысын жеткізді. Мешіт жамағаты бас имамның атбасын осы ауылға бұрғаныа ризашылық танытып, ісіне сәттілік тіледі.
Балқаш қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер