Жезқазған қаласының С.Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрында адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге келген айы Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті.
Рухани кеш «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ның соңғы намазы» деп аталатын бейне роликпен ашылды. Содан соң мерекелік кешке арнайы шақыртылған қонағымыз Жезқазған қаласының әкімшілігінің аппарат басшысы Есет Ержанов және қалалық мәслихат депутаттарының атынан Бекзат Қомарұлы жиылған халықты Қасиетті Мәуліт меркесімен құттықтады. «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің бас имамы Мәди Тоқпанұлы ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаяны мен көркем мінезі жайында уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар рухани кеште сахналық қойылымдар қойылып, діни әндер мен терме орындалды. «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің имамдары мен шәкірттері Пайғамбарымыз (с.ғ.с) құрметіне мәуліт оқыды. Кеш соңында найб имам Абылай Айқынұлы дінге жанашыр көзбен қарап, діни мерекелерге ат салысып жүрген «Алға бас» жастар театрын алғыс хатпен марапаттады. Жиналған қала жұртшылығы рухани кештен үлен ғибрат алып, тарқады.
Пікірлер