1-ақпан әлем халқы «Хиджаб күнін» атап өтеді. Осы күні мыңдаған мұсылман, мұсылман емес әйелдер орамал тартып, әуреттерін жауып исламға сай киініп, көшеге шығады.
Алғаш рет «Хиджаб күнін» тойлауды Нью-Йорк тұрғыны Назма бастаған екен. Ол мұсылман емес құрбыларына бір күн мұсылман қыздар сияқты киініп, бейтаныс адамдардан әдемілігіңді жасырудың қандай сезім екенін түйсініп көруді ұсынады. Былтыр Назманың ойын әлемнің түкпір-түкпінінен қолдаушылар табылды.
Кейін Великобритания, Австралия, Индия, Пәкістан, Франция, Германиядан әйелдер хабарласып, бірі хиджаб туралы сұраса, кейбіреуі мұсылманша киініп шығуға дайын екендерін жеткізіп жатты.
Біз де мұсылмандықтың шартын бекем ұстанған ата-баба ұрпағымыз. Кейін сол мұсылманшылығымыздан аздап қол үзіп қалғанымызбен, Аллаға шүкір дейміз, асыл дініміз қанатын кең жайып, әуретті жерлерін жауып, заманға сай киініп жүрген қыз-келіншектердің саны артып келе жатыр.
Пікірлер