Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Отанды сүю – иманнан» тақырыбында оқушылармен кездесу өтті
27 қаңтар, 2016 жыл 42 Басып шығару нұсқасы

Нұра ауданының бас имамы Құмар Қоныскерей Баршын ауылына іс-сапармен барып, ауыл мектептерінің оқушыларымен кездесті. Бас имам ҚМДБ-ның Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейту мақсатында жүктеген тапсырмасы аясында бірнеше ауылдарды аралап, мектеп оқушыларына дін жайында толыққанды түсінік беріп өтті. Солардың бірі Баршын ауылының қазақ орта мектебінде болған кездесу.


Бас имам оқушыларға «Отанды сүю –иманнан» деген тақырыпты ту етіп, туған жердің қадіріне жүрегінде иманы бар адам жетеді деп сөзін бастады. Имандылық болған жерде намыс, Отаныңа деген адалдық, елім үшін, халқыма пайдалы іс қылсам деген тілек-ниет тұратынын айтты. Оқушыларға Отанды сүюдің исламда қаншалықты маңызды екенін айта келе, ертеңгі елдің болашағы – жастарды бауырмалдыққа, отансүйгіштікке шақырды.


Нұра ауданы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22280,22281"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары