Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Адамзаттың асыл тәжі, екі дүние сардары – сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) салауат оқылды
26 қаңтар, 2016 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

Нұра ауданы Кертінді ауылында пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні - Мәуліт мерекесіне орай ауылдық мәдениет үйінде рухани кеш өтіп, мәуліт оқылды. Нұра ауданының бас имамы Құмар Қоныскерей пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және дүниеден өткен ата-бабалар рухына Құран бағыштап, Пайғамбарымыздың өмірінен уағыз айтты. Караой ауылының молдасы Мақсұтов Сыздық қажы Аллаға мадақ Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айта отырып, Мәуліт оқыды. Осынау қуанышты сәтте қазақы өрнекте кимешек киген әжелер шашу шашты. Ауыл мешітінің шәкірттерінің орындауында иләһи әндер орындалды. Ауыл мешітінің молдасы Мұқанов Төлеубай жас жеткіншектердің бойына асыл дініміздің құндылығын сіңіру мақсатында ұйымдастырған оқушылар арасын да қазақша күрестен орын алған жеңімпаздарды алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Адамзаттың асыл тәжі, екі дүние сардары – сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) — ның мәуліт мерекесіне орай арнайы жайылған дастарханнан барша қауым дәм татты.


Нұра аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22239,22238,22236"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары