Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жетім көрсең жебей жүр
26 қаңтар, 2016 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Алла тағаламызға шүкір, имандылық пен тақуалық жолында жүріп, жағдайы төмен отбасыларының әл – ауқатын жақсартуға ат салысып жүрген Нұра ауданы мешітінің бас имамы Қ. Құмарұлының ұйымдастырымен осы күнге дейін көптеген қайырымдылық акциялары өткізілді. Қасиетті мәуліт айының құрметінде қайырымдылық ісі жалғасын тапты. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратты өсиеттерін насихаттаумен бірге мұқтаждарға қамқорлық жасап, жомарттық танытып, аудан тұрғындарының ризашылығы мен алғысына бөленді. Жуырда 15 аз қамтылған отбасыларына азық – түлекпен қолдау көрсетсе, жағдайы төмен 5 жаұялардың балаларына оқу – құралдарын, тағы басқа қажеттілігін сатып алуына мүмкіндік жасады. Тұла бойларында осындай Алла берген асыл қасиеттері тұнып тұрған, адамзат баласына түзу жол сілтеп, ізгілік пен парасаттылыққа баулитын, өзгелерге қайырымдылық жасай білетін азаматтар Жаратқан Иеміздің сүйіспеншілігі мен шапағатына бөлене берсін.


[gallery link="file" ids="22200,22201"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары