Өткен жыл жақсылық пен есте қалып, Бұқар жырау ауданына қарасты Ростовка ауылында жаңадан мешіт салынып, ел игілігіне берілген болатын. Жаңа мешітке жаңа имам сайланып, ерекше тойланып ашылу салтанаты жоғарғы деңгейде өтті. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы бойынша аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы аталған ауылға ат басын бұрды. Ауыл имамы Естай Айтуғанұлының жұмыс барысын бақылап қайтты. Аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы жаңадан қызметке сайланған ауыл имамына бір қатар тапсырмалар жүктеді. Мешітке ақпарат тақтасын орнату, дәрет бөлмесіне дәрет алу үлгілерін іліп қою, маңдайшаларға бағыт-бағдар беретін көрсеткіштер ілу, кіріс-шығыстарды есепке алатын кітапшалар т.б.тапсырмалар міндеттеді. Басқару бақылау жұмысын жандандыру мақсатында келген бас имам жаңа мешіттің қызметкерлерінің де жұмысын қадағалады. Дәрет алатын бөлмелерге,от жағатын жерлерін бәрін аралап көріп қаныққан бас имам ауыл имамына сәттілік тілеп мешіт қорына бірнеше кітаптар сыйға тартты.
Пікірлер