Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Шығыста» шырайлы сұхбат өтті
22 қаңтар, 2016 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының форумында қабылданған тәлім «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» тұжырымдамасы жалпы халыққа кеңінен насихатталып келеді. Шынайы мұсылманның өмірі мен мінез-құлқы үйлесімділікке толы, имандылыққа, адамгершіліктің биік шыңына негізделетін болғандықтан мұсылманның сапасын арттыратын әрі дұрыс жолмен жүруге бағыт беретін сұхбаттар уақыт талабы. Осы орайда Қарағанды қалалық №1-мешітінің бас имамы Орманбет Болатұлы «Шығыс» базарының кәсіпкер азаматтарымен кездесу өткізіп, тұжырымдамадағы тәлімдермен таныстырды. Бүгінгі мұсылмандарға осы сипаттарды үлгі ретінде ұстанудың маңыздылығын түсіндірді. Сұхбат соңынан бесін намазына имамдыққа өтіп, жамағатпен бірге ел мен жерге береке тілеп бата жасады.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22130,22131,22132"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары