Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Отанды сүю – иманнан!
18 қаңтар, 2016 жыл 10 Басып шығару нұсқасы

Адам бойындағы асыл қасиеттер білім алумен ғана сақталып қалмақ. Саналы ұрпақтың болашағы да кемел болады. Діни сауат бар халықтың тұғыры биік тұрады. Елдің еңсесі жоғары болуы үшін мешітіміздің имамдары жастармен кездесулер өткізіп келеді. Жас ұстаз Рахимжанов Алихан Балқаш қалалық көпсалалы колледж студенттерімен кездесіп, адалдық, ар-ұят, ұлтжандылық, имани білім секілді бірнеше тақырып аясында уағыз насихат айтты. Мұсылманның келбеті мен ішкі жан дүниесі қандай болуы керектігі жайлы да көптегенхадистер келтіріліп, тура жолға нұсқап, жастарды діни сауат алуға насихаттады. «Үйдің іргесі биік болсын десең, қабырғасын асықпай қала» дейді халқымыз. Сондықтан да, болашақ ұрпаққа сәби кезінен бастап ананың ақ сүтімен патриоттық сезімді дарытсақ, Отанымыздың алар асуы да биік болмақ. Осы мақсатта кездесу барысында жасардың бойында патриоттық сезімді оятатынәсерлі хадистер айтылды. «Елдікті, ұлттық намысты бәрінен жоғары қою – отансүйгіштіктің ең басты белгісі», - деді ұстаз жастарға.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22037,22038"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары