Теміртау қалалық мешітінде жұма намазынан алдын бас имам Қанат Анасұлының ұйымдастыруымен Мәуліт жайлы насихат айтылып, мәуліт оқылды. Бас имам жамағатқа адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) көркем-мінезі, әділеттілігі, тақуалығы жөнінде әңгімелеп, Алла елшісінің (с.ғ.с) салып кеткен сара жолы әрбірімізге үлгі-өнеге болуға тиіс деді.
Пікірлер