Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шәкірттер тұжырымдамамен танысты
15 қаңтар, 2016 жыл 10 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінің қыздардан құралған шәкірттері жаңа қабылданған Тұжырымдамамен танысты. Таяуда Астана қаласында мешіт ұстаздарына арналған оқыту семинарында Діни басқарма оқу бағдарламасы жазылған тұжырымдаманың дайындалып жатқанын айтқан болатын.


«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» жарыққа шығып, жер-жерде танысытырылуда. Басты мақсат – ел тұрғындарының, жеке тұлға мен қоғамның рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі, үздіксіз діни білім берудің моделі мен тұтас ислами оқу кешенін қалыптастыру.


Тұжырмдамада жоғары оқу орны мен медреселермен бірге мешіттерді тек ғибадат-құлшылық орны ғана емес, діни ағарту орталықтарына айналдыру мақсатымен мешіт жанындағы «Сауат ашу курсының» оқу жоспарын ұсынған.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Бакирова Арай алдағы уақытта шәкірттеріне тұжырымдамада бекітілген жоспар бойынша білім алатындарын хабарлап, түсіндіріп өтті.


Қысқаша айта кететін болсақ, оқу бағдарламасы белгіленген сатылар бойынша оқытылып, «діни сауат ашу курсын» тыңдағанын куәландыратын сертификат табысталатын болады.


Қазіргі таңда діни оқу-білімге көп көңіл бөлініп, талапқа, заманға сай ілім алуға мүмкіндіктерді жүзеге асыруда. Аталмыш тұжырымдама да осының бір айғағы. Әрбір жастарымыз бен жасөспірімдердің бойында діни ілімнің қабырғасы қаланса, еш адасушылыққа жол болмас еді.


Ілім аламын деген шәкірттерге тек Алла жар болсын!


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21983,21984,21985"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары