Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мешіт ауласы қалың қардан аршылды
15 қаңтар, 2016 жыл 17 Басып шығару нұсқасы

Биылғы қыстың қалың түскен қары көптеген жерде қиындық тудырғаны баршамызға аян. Қарағанды қалалық №1-мешітіндегі аула тазалығын уақытылы тазалап отыруды дәстүрге айналдырған бас имам Орманбет қажы Болатұлы мекемелерден өтініш арқылы техникаларды алдырып, мешіттің ауласын толықтай қардан тазалады. Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде халықтың құлшылық орынға емін-еркін келіп қайтуына жағдай жасалды. Сонымен қатар, мешіт жанындағы діни сауат ашу курсына арналған сынып бөлмелері сырланып, әрлеу жұмыстары жүргізілді. Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы жыл басында діни істерді өрістетумен қатар, мешіттің іші-сырты мен аула тазалығын ретке келтіріп отыруды міндеттеген болатын. Осы міндеттің үдесінен шығу үшін дін қызметкерлері тынбай еңбек етуде.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21974,21975,21976,21977"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары