Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ботақарада Мәуліт тойланды.
15 қаңтар, 2016 жыл 15 Басып шығару нұсқасы

Бұқар жырау ауданында Мәуліт мерекесі тойланды. Аудан орталығы Ботақара кенті мәдениет үйінде «Адамзаттың асылы» атты рухани кеш өтті. Мәуліт кешіне ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Ө.Қ.Бекқожа және РАНТ мүшелері, теологтар Н.Тағаев пен Р.Сыздықов және алыс жақын қала, аудан имамдары келді. Қонақтарды аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы құшақ жая қарсы алып, аудандық «Жыржыс қажы» мешітінен күтіп алды. Аудан әкімі Н.С.Кобжанов ҚМДБ-ның өкіл имамы Ө.Қ.Бекқожаны әкімшілікте жеке қабылдап құрмет көрсетті.


Кеш мәдениет үйіне жиналған халыққа арнайы даярланған көрмеден бастау алды. Көрмеде Бұқар жырау ауданынан қажылық өтеген ел ардақтыларының жеке жәдігерлері қойылған болатын. Белгілі жазушы Ғ.Мұстафин әкесі Мұстафа қажы, Ташмолла әулие, Жыржыс қажы сынды ел ағаларының жайнамаз, Құран кітаптары, қасиетті қағбаның жабуы қисуа, т.б.жәдігерлер қойылған. Құнды мұралармен таныс болғаннан кейін, Мәуліт мейрамы рухани кешке ұласты. ҚМДБ-ның даярлаған ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ғибратты өмірінен сыр шертетін бейне ролик қойылды. Кештің шымылдығы қасиетті Құранмен басталып, әрі қарай ҚМДБ-ның өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы сөз алып, жиналған жамағатты мерекемен құттықтап, әсерлі уағыз айтты.


Аудан әкімі Н.Кобжанов өз құттықтау сөзінде мұндай іс-шаралар рухани кештер ұйымдастырудың маңызы зор, тәрбиелік мағынасы бар, қоғамға да, халыққа да пайдалы, мұндай шаралар жиі жалғасын тапса екен деген лебізін жеткізді. Арнайы шақырылған ғалымдар РАНТ-мүшелері, теологтар Н.Тағаев пен Р.Сыздықовтардың уағыздарына ел ұйып әсер алды. "Дін мен Дәстүр" жылы аясында ұйымдастырылған бұл кеш тек рухани емес, мәдени кеш болғандықтан күй шертіліп, әсем әнмен жалғасты. Қазақтың делебесін қоздыратын айтыс та ұйымдастырылды. Ел таныған арқа ақындары А.Жұмағұлов, Д.Қамиев,Т.Әділов, М.Ақанов, Н.Байсүгіровтер сахнада бар өнерлерін ортаға салды.


Ғалымдар да осы кештен табылды. Қар МГТУ профессоры Қ.Тоғайбаев жылы лебізін білдіріп, екінші рет Мәуліт кешіне қатысып отырғанын айтты. Екі жарым сағатқа ұласқан кеш жамағатқа тамаша әсер сыйлды.


Кейінгі кезде аудан көлемінде көптеп мешіттердің салуына үлес қосып жүрген азаматтарға аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы алғыс хат пен


киелі Құран табыстады.Кеш соңында «Жібек жолы» мейрамханасында дастархан жайылып, қонақтарға ас берілді.


[gallery link="file" ids="21951,21952,21953,21954,21955,21956,21957,21958,21959,21960"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары