Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында бас имам баспаналы болды
05 қаңтар, 2016 жыл 90 Басып шығару нұсқасы

Мешін жылы Ақтоғай өңірінің тұрғындарына қуанышты жаңалықпен кіріп келді. Аудан әкімі Омарханов Ниханбай Иманғалиұлы 26 отбасына жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Жаңа пәтерге елдің ертеңі үшін қызмет жасап жатқан мұғалімдер, дәрігерлер секілді жас мамандар мен Ақтоғай аудандық орталық мешітінің бас имамы Түкетаев Ардақ Әділханұлы да қоныс тепті. Ниханбай Иманғалиұлы бас имамның ерен еңбегін бағалап, аса құрметпен екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстай тұрып, үйіне құт, береке тіледі. Өз кезегінде жайлы баспанаға қол жеткізген тұрғындар алғыстарын айтып, қазақы дәстүрмен шашу шашып, жаңа қоныстарына кірді. Ардақ Әділханұлын мешіт қызметкерлерінің атынан шын ықыласпен «Қоныс құтты болсын!» деп құттықтауымызды жеткіземіз!


Ақтоғай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21825,21826"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары