Кешегі бұрқасын боранда жолда қалып қойған жолаушыларға Балқаш қаласы мешіті көмек қолын созды. Алматы-Қарағанды жолы боранның әсерінен көрінбей, көптеген көліктер кептелісте тұрып, нәтижесінде жолаушылар далада қалған болатын. Балқаш қаласы әкімдігі мен мешіттің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы жолаушыларға дер кезінде қамқорлық жасады. Жас балалар мен қыз-келіншектер және егде тартқан кісілердің барлығы да азық-түлікпен, жатын орынмен қамтамасыз етілді. Оларға арнайы жатақхана беріліп, мешітте 150 адамға ыстық тамақ дайындалды. Нан, су, тәтті тағамдар мен қоса сусындарда берілді. Мешітіміздің найб имамы Айтқазин Рауан жолаушылардың күйзеліске ұшырамауы үшін рухани демеп, қолдау танытты.
Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер