Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мәулітте жасалған қайырымдылық
28 желтоқсан, 2015 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

Мерейлі Мәуліт мерекесі Ақтоғай өңірінде де кеңінен насихатталып жатыр. Ақтоғай аудандық орталық мешітінің бас имамы Түкетаев Ардақ Әділханұлы Мәуліт мерекесіне орай қайырымдылық шарасын қолға алды. Өңірдегі көпбалалы ана Мұсағұлова Бибігүл апаның үйіне азық-түлік пен тәтті тағамдар беріп, қуантып қайтты. Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен сырт шертіп, осы айда істелінген амалдардың сауабы мол екендігін тілге тиек етті. Орай келгенде, Құран оқып, ораза тұтып, нәпіл намаздар оқып мол сауаптан кенелуге шақырды. Үй иелері бас имамның танытқан жылы лебізіне дән риза болып, ақ батасын берді.


Ақтоғай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21764,21765"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары