Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Студенттерге «терроризм» ұғымы түсіндірілді
25 желтоқсан, 2015 жыл 99 Басып шығару нұсқасы

Дінді дұрыс насихаттау – елдің ертеңін дұрыс қалыптастыру болып табылады. Яғни, елдің болашағы болып табылатын жастарға дінді дұрыс насихаттап жеткізсек, олар адаспайтын дұрыс жол іздеп табары сөзсіз. Сол себепті «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Дариев Берік Әлсейітұлы Қарағанды Мемлекеттік Политехникалық Университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Студенттерге исламның құндылықтарын жеткізіп, діни экстремизмге апарар кері бағыттағы топтардан сақ болуды ескертті. Сондай-ақ, «терроризм» сөзінің мән-мағынасын түсіндіріп, жат ағымдардың саясатын насихаттап жүрген жастармен жолдастық қарым-қатынаста болмаған абзал екендігі айтылды. Оңы мен солын танып қалған сауатты да салауатты жастар террорлық әрекеттердің қисынсыз екенін саналы түрде ұғынады. Олар имамның айтқан пікірлеріне толықтай қосылып, өздерінен кейінгі жастарға жат ағымның жолына түсіп кетпеу үшін ақыл-кеңестерін айтып жүретінін жеткізді. Берік Әлсейітұлы жастарды діни экстремизмнің алдын алу мақсатында өткізілетін осындай игілікті шараларға қатысып тұруға шақырды.


«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21732,21733,21734,21735"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары