Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Пайғамбар сүннеті
24 желтоқсан, 2015 жыл 218 Басып шығару нұсқасы

Алла елшісі (с.ғ.с) өзіне пайғамбарлық миссия берілгеннен кейін өмірінің соңына дейін Ислам дінін уағыздаумен өтті. Ерлерді де, әйелдерді де Құдайдан қорқуға шақырып, Ақырет күнін еске салды, шариғаттың шарттарын үйретті.


Пайғамбарымыздың сүннеті адамзат баласының өмір жолының шырақшысы. Егер адам бақытқа ұмтыламын десе Пайғамбар сүннетін басшылыққа алуы қажет.


Имам Әбу Дәуіт пен Әт-Тирмизи Ирбад ибн Сарияның мына сөздерін жеткізген: «Бірде Мұхаммед Пайғамбарымыз бізге уағыз айтты. Уағызын аяқтағаннан кейін біз: «О, Алланың елшісі! Сен бізбен қоштасып отырғандайсың! Бізге бағдар бер»-дедік. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сендерді Құдайдан қорқуға шақырамын. Құдіреті шексіз Жаратушыға бойұсынып, бұйырғанын орындаңдар! Шын мәнінде, менен кейін көптеген қайшылықтарды көресіңдер. Сондықтан менің сүннетім мен менен кейін дұрыс жолда жүретін тақуа халифтердің сүннетін сақтауға шақырамын. Осыдан мықтап ұстаңдар»-деген.


Алла елшісі: «Менің өз қауымым үшін қорқатын нәрсем, Құранды өз қалауларынша талдап, түсіндіретіндердің және оны өздерінің жалған тұжырымдарын растау үшін қолданатындардың пайда болуы»-деген.


Сондай-ақ Алла елшісі өз қауымының жетпіс үш топқа (ағымға) бөлінетінін жеткізген. Олардың біреуінен басқасының барлығы тозақтық екенін ескертеді. Ал құтқаратыны – Алла елшісінің сүннетін ұстанушылар. Бұл Алла елшісінің жолымен жүрушілер. Басым мұсылман қауымы. Пайғамбарымыз: «Көпшілікпен (жамағат) бірге болыңдар және бөлінбеңдер. Шайтанның екеуден гөрі, біреуді жеңуі оңай. Жұмаққа жеткісі келетіндер көпшілікпен бірге болсын»-деген.


Әмина Омарова


Қарағанды облыстық орталық мешіті

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары