Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қазақмыста» жат ағымдар туралы уағыз айтылды
22 желтоқсан, 2015 жыл 119 Басып шығару нұсқасы

Асыл дінімізді насихаттау, оның құндылықтарын ашып жеткізу барша мұсылманның борышы. Егемендіктің еңсесі биік болған тәуелсіз Қазақстанда ислам діні шарықтап келеді. Барлығы да дұрыс жүргізілген саясаттың нәтижесі. Балқаш қаласы мешітінің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлы дінді насихаттау мақсатында «Қазақмыс» Балқаш қалалық кен балқыту зауытында болған кездесуге қатысты. Кәсіпорын қызметкерлері мен жұмысшыларына Ислам дінінің қазақ дәстүрімен сабақтасып жатқандығы туралы уағыз айтылды. Сондай-ақ, жат ағымдардың алдын алу мен олардың қандай жерлерде шоғырланатыны туралы ашып айтып, өзгенің алдауына арбалып қалудан сақтанып жүруге кеңес берді бас имам Ербол Мұқанұлы. Тәуелсіздікті ту етіп, арам пиғылды топтар жастардың санасын улап жатқаны мәлім. Сол себепті бүгінгі жиынның көпке берері мол болды.


Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21655,21656,21657,21658"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары