Мешіт іші жамағатымен көркем. Балқаш қаласы мешітінің жамағаты да күннен күнге артып келеді. Әйелдер қауымы да бас қосып, Құран хатым етіп, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып отырады. Бүгін бірнеше апалардан жиналған жамағат мешітіміздің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлымен арнайы танысты. Мешітте кең дастархан жайылып, бас имам әйелдер қауымына шын алғысын білдіріп, әртүрлі тақрыпта уағыз-насихаттар айтылды. Еліміздегі діни мәселелерден кенде қалмай, ішкі-сыртқы жиындарда бой көрсетіп отырған нәзік жандардың құрметіне жайылған дастарханнан дәм татылып, құран оқылып, ата-бабаларға бағышталды. Әйелдер жамағаты жаны жайсаң Ербол Мұқанұлымен танысқандарына риза болып, алдағы жұмысына сәттілік тілеп тарқасты.
Балқаш қаласы мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер