Қарағанды қалалық №1-мешітінің жанындағы қыз балаларға арналған діни сауат ашу курсында «Қыздардың жеке күнделігі» тақырыбында ашық сұхбат өткізілді. Рухани танымдық мақсатында өткізіліп отыратын шаралардан бұл сұхбаттың ерекшелігі болды. Жалпы әйел қауымында кездесетін түйткілді табиғи жағдайларға қатысты білікті маман, әйелдер дәрігері Әмина Рысжанқызы қатысушыларға арнап түсініктеме берді. Сонымен қатар, өмір тәжірибесі бар Әмина апай отбасылық өмірдегі әйелдің орны мен ерлі-зайыптылардың өзара міндеттеріне қатысты көптеген ақыл кеңестерін айтты. Осы еркін сұхбатты пайдаланып шәкірттер де әйел денсаулығына қатысты сұрақтарына жауап алды. Сұхбатты ұйымдастырған мешіт ұстазы Бақытгүл Жикенова сұхбатты қорытындылап, алдағы күндері өзге де тақырыптарда кездесулер өтетіндігін мәлім етті.
Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер