Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Сауапты іс сабақтасты
10 желтоқсан, 2015 жыл 87 Басып шығару нұсқасы

Кезекті қайырымдылық шара өз жалғасын тапты. «Зекет» қорының өкілі Еркебай Жұматаев арбаға таңылған мүгедек баласы бар қаламыздың тұрғыны Мұратхан Оңагүлдің отбасына арнайы барып, оның бүгінгі хал-жағдайымен танысты. Келе жатқан Мәуліт айымен құттықтап, Алла елшісі Мұхаммед с.ғ.с-ның хадисінде айтылған сабырлық пен шүкірліктің мәнін түсіндіріп сый-сияпаттар жасады. Атап айтқанда, түрлі-түсті теледидар, бір қап ұн және азық-түлік берілді. Алдағы уақытта да өз кезегінде қордың қамқорлығында болатындығын жеткізді. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Зілзала» сүресінде «Шаңның тозаңындай жасаған жақсылықтың салмағы ескерілмей қалмайды» деп сүйіншілеген. Ендеше, осындай ізгі істердің сауабын жақсылық жасауда жарысқан барша мұсылмандарға нәсіп етсін тілейміз.


[gallery link="file" ids="21376,21377,21378"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары