Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас имам ата-аналармен кездесті
10 желтоқсан, 2015 жыл 96 Басып шығару нұсқасы

Бұқар жырау ауданының бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы қазақ орта мектебінде мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесті. «Тәрбие тал бесіктен» деген атаумен бас имаммен бірге мектеп ұстаздары және Ішкі істер мекемесінің әйелдер құқығын қорғау инспекторы қатысты. Жиында ата-аналарға тәрбиелік маңызы зор әңгімелер айтылып, бала тәрбиесіне баса назар аудару керектігі, әр қилы кереғар қылықтар мен қоғам ішіндегі азғындаушылыққа берілмес үшін балалармен көп сырласып, ашық сөйлесу керектігі әңгіменің өзектігіне айналды.


Кездесуде Елбасының биылғы жолдауы назарға алынып, Н.Ә.Назарбаевтың айтқан ойлары әңгімеге тұздық болып, кеңінен талқыланды.


Әр саланың мамандары ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, ертеңгі болашақтың жарқын болуы – өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың қолында деп сөздерін қорытындылады.


Бұқар жырау ауданы мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21365,21366,21367"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары