Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әйел ұстаздарға арналған оқыту семинары өтуде
08 желтоқсан, 2015 жыл 77 Басып шығару нұсқасы

Астана қаласының “Әзірет Сұлтан” мешітінің мәжіліс залында ҚМДБ қарамағындағы діни сауат ашу курстары мен діни оқу орындарының ұстаздарына, мұсылман әйелдер бірлестіктерінің жетекшілеріне арналған “Зайырлы мемлекет және дін қатынастары дәстүрлі руxани құндылықтар” тақырыбы аясында екі күндік оқыту семинары өтті. Мұндай игі істің бастау алуына ҚР МСМ Дін істері комитеті “Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы мұрындық болып отыр. Басты мақсат – қоғамдағы әйелдердің әлеуетін көтеру, отбасы құндылықтарына баса назар аудару.


Оқыту семинарында Дін істер комитеті мен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басшылары мен қызметкерлері және ҚМДБ-ның білікті дінтанушылары қатысып, танымы мен тағылымы мол дәріс өткізді.


Әйел заты-қоғамның айнасы, сондықтан да нәзік жандылардың ақыл-ойы теңескен, терең білімді болу керектігі тақырыптың өзектілініне айналды.


Пиғылы өзге жат ағымның жетегінде жүріп, шет ел асып, жиһад жолындамыз деп жүрген қате түсініктегі радикалдылардың қатарында тек ерлер ғана емес, әйелдер мен балалардың да қарасы көп екені белгілі. Бүгінгі таңда қоғамның басты мәселесіне айналған осы жайт семинар барысында кеңінен талқыланып, ұстаздарға Ханафи мазxабының негіздерін шәкірттерге жіті түсіндіріп, әлі де болса терең насиxаттың керектігі айтылды.


Осы орайда ҚР МСМ ДІК ДМҒЗТО директоры Айнұр Әбдірәсілқызы талай түйткілді мәселелердің басын ашып, салт-санамызға, дәстүрімізге кереғар әрекеттер көрсетіп, адасып жүргендер туралы: “ Жастардың мұндай жолға түсуіне біз алдымен өзіміз кінәліміз. Бұл дегеніміз балаларымызбен ашық-жарқын сөйлеспейміз, әр баланы өз баламыздай көріп, ішің езілгеннің орнына жатсынып тұрасың. Міне, осыдан кейін бізден таппағанын, өзгеден іздейді”, - дей келе осы мәселе болмас үшін, ертеңгі күні сан соғып қалмас үшін баршамыз жұмыла келе осы жолда күресуіміз қажет деді.


Өз саласының білікті мамандарының дәрістерінен кейін ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, талқыға түсті.


ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21331,21332,21333,21334,21335,21336,21337,21338,21339,21340,21341,21342"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары