Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жемқорлыққа қарсы насихат жүргізілді
03 желтоқсан, 2015 жыл 14 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысы Теміртау қаласы бойынша жемқорлыққа қарсы комитетінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға Теміртау қалалық мешітінің наиб имамы Митератбек Орынбекұлы да қатысып, жер жайлап кеткен жемқорлық жайын шариғат тұрғысынан түсіндіріп, уағыз-насихат айтты. Ислам дінінде пара алу, біреудің ақысын жеу үлкен күнәлардың бірі деп, Алла Тағала адал жолмен адал еңбек етуді бұйырғанын, парақорлардың арқалар жүгі ауыр екенін түсіндірді. Отырыс барысында қоғамның дертіне айналған жемқорлықтың алдын алу бойынша біраз тың ойлар айтылып, жиналғандар біркісідей осы жағымсыз әрекетпен күресуіміз керек деді.


[gallery link="file" ids="21288,21289,21290,21291,21292"]

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары