Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қайырымдылық қанатын жайды
03 желтоқсан, 2015 жыл 81 Басып шығару нұсқасы

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ақтоғай аудандық орталық мешітінің бас имамы Түкетаев Ардақ Әділханұлы өңірдегі қарт аналарды әрдайым жадынан шығарған емес. Оларға жылы лебіз танытып, мешіт атынан көмек қолын да созуда. Көпбалалы қария Бикен әжейге арнайы барған Ардақ Әділханұлы, қал-жағдайын біліп, азық-түлікпен көмек көрсетті. «...Хайырдан не істесеңдер, күдіксіз Алла оны біледі» (Бақара сүресі, 215 аят) деген. Қарт апаға рухани қолдау көрсетіп, апаның ақ батасын алған бас имам істеген амалын мақтаныш үшін емес, керісінше өзгеге үлгі болса екен дейді. Қайырымдылық жасағанның қадірі арта түседі. Олай болса, қолымыздан келгенше бір-бірімізге қамқорлығымызды үдете түсейік!


Ақтоғай айдандық орталық мешіттің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21272,21273"]

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары