Ақ халатты абзал жандар күнделікті өмірде әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасайды. Ауруханаға келіп-кетушілердің арасында сан-қилы адамдар бар. Қызметтік өкілі біраз уақытты қамтыған мамандар өз істерінің шебері. Ал, жас маман сан қырлы болуы үшін білім керек. Соның ішінде – діни сауат алу басты мақсат болса керек. Сондықтан, «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұт қажы Нұрұлы №1 қалалық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді. Онда жұмыс жасайтын жас мамандарға жат ағымдар туралы уағыз айтылды. Діни экстремизмнің кең қанат жайып жатқан мына заманда бөтен адаммен қарым-қатынас орнатуда бейқам болмаған абзал екендігі түсіндірілді. Емделушілермен сөйлескенде олардың жылы қабақ танытып, астыртын жүргізетін арам пиғылына алданып қалмауды ескертті бас имам. Осылайша, діни экстремизмнің алдын алу, онымен күресу және сақтану жолдары турасында мол насихат айтылды. Әрбір отбасында Ислам турасында кеңінен айтылып отырса бесіктегі баладан бастап бойларына ислами құндылықтар сіңіп, ержеткенде адаспайтын жол іздейтін болады.
«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер