Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

РАНТ мүшесі жамағатпен сұхбат өткізді
02 желтоқсан, 2015 жыл 91 Басып шығару нұсқасы

Ислам дінінің тәрбиелілікті насихаттауда алатын орны ерекше. Ол қай жағынан болсын адамды тәрбиелі, саналы болуға шақырады. Адамзат өміріндегі тәрбие құндылықтарының бірі – иман мен иба, ар-ұят, мейірім мен рахым қасиеттері. Иман тек жүрекпен сену немесе теориялық дүние ғана емес, ол адамның істеген іс-әрекетімен және өмірімен тығыз байланысты. Дұрыс жолда істелген іс-әрекет қай кезде болмасын өз жемісін береді. Жалпы адамның ішкі жан-дүниесінің байлығы – Құран Кәрімнің негізгі көздеген мақсаттарының бірі. Осы орайда, Қарағанды қалалық №1-мешітінде бас имам Орманбет Болатұлының арнайы ұйымдастыруымен «Аль-Азһар» университетінің түлегі, РАНТ мүшесі Қабылбек Әліпбайұлы жамағатпен бесін және ақшам намаздарында сұхбат өткізіп, мұсылман өміріндегі құндылықтар турасында насихат жүргізді. Насихат барысында жат ағымдардың ұстанымдары мен одан сақтану жолдары, дінді біліммен және парасаттылықпен тану түсінігі, дін мен дәстүр сабақтастығы, ақида мен ақиқат, қоғам өміріндегі орындалып жатқан діни мәселелер сынды ауқымды тақырыптар қамтылды. Орайы келген істі игілікті шараға ұластырған бас имам дінтанушыны қатыстырып мешіт имамдары мен шәкірттеріне бір сағаттық семинар өткізді. Шұрайлы сұхбаттар әрі қарай қонақжайлық дәстүр ретімен дастархан басында жалғасты.


Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21197,21198,21199,21200,21201,21202,21203"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары