Қарқаралы ауданының мектеп оқушылары енді жат ағымдар туралы біліп жүретін болды. Оңы мен солын танып келе жатқан жасөспірімдер тура жолдан адасып кетуіне алаңдаушылық танытқан мешіт имамдары арнайы кездесу ұйымдастырды. Қарқаралы ауданындағы Мәди Бәпиұлы атындағы №44 және Жәутіков атындағы №1 мектеп оқушылары белгілі дінтанушы ұстаздан мол сабақ алды. Қарағанды облыстық орталық мешіттің ұстазы Джаримбетов Мұхит, ауданға арнайы келіп, жасөсіпірмдерге жат ағымдар туралы уағыз айтты. Жат ағымдардың шығу жолдары, олардың нені көксейтіні ашып айтылды. Сондай-ақ, балақайларға бөтен адамдарға сенім білдіре бермей сақ жүруді ескертті. Жаратушымыз Алла туралы, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туралы қысқаша қызықты дүниелер айтып, балалардың исламға деген қызығушылықтарын арттырды. Мектеп оқушыларымен қатар, мұғалімдер де дін маманынан мол ақпарат алып, дән риза болды.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер