Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жамағатқа жылдық есеп берді
27 қараша, 2015 жыл 19 Басып шығару нұсқасы

Бұқар жырау ауданы мешітінің бас имамы Аманбол Рымқұлұлы жамағатты жинап, жиын өткізді. Жылдың соңы аяқталып қалғаны белгілі, сондықтан да бас имам аудан халқына есеп берді. Жиналыста биылғы жылғы атқарылған іс-шаралар жайында айтылып, ауыз толтырып айтар ауқымды істерге тоқталды.


Бұқар жырау мешіті ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жүктеген әрбір іске аса жауапкершілікпен қарап, толықтай орындауға тырысып жүрген мешіттердің бірі. Бас имам атаулы күндердегі өткен шаралармен қатар, қайырымдылыққа да аса ден қойып келді. Биыл мешіт атынан мешіт шәкірттеріне көмекке 1 ноутбук, 1 телевизор сыйға тартып, Нұр-Мүбәрак университетінде білім алып жатқан 4 шәкіртке 50 мың теңгеден 150мың теңге ақшалай көмек көрсетілді. Соынмен бірге көктемде тоссынан болған табиғат апаты жайына да тоқталып, алдымыздағы жылымызға Алла амандығын нәсіп етсін деп тілек тіледі. Биылғы жылы атқарылып жатқан ең үлкен істердің бірі ауылды аймақтарда бой көтеріп жатқан көк күмбезді мешіттер. Бүгін де алды ел игілігіне беріліп жатса, кейбірі аяқталуға аз уақыт қалды. Осындай ауқымы кең дүниелерге тоқталып, келесі жылы жасалынуы тиіс жобалар сөз етілді.


Аудан мешітінің бас имамы мешіттің ішкі-сыртқы тыныс-тіршілігімен жамағаттың да таныс болғаны дұрыс дейді. Себебі мешіт – Алланың үйі. Жаратушы иеміздің құлдарының құлшылық етер орны. Халыққа ортақ мүлік. Қай жерде болмасын халық сыншы, халық көзайым. Мешіттің бір жылдық жұмысымен танысқан халық, бас имамға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Аманбол Рымқұлұлы да ауданның ақсақалдарына Құран кітап сыйлап, қуантты. Ауданның қариясы Тұрсын қажы ақсақал ақ батасын беріп, риза болып тарқасты.


Бұқар жырау ауданының баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21154,21155,21156,21157,21158,21159,21160,21161,21162,21163"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары