Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Спортшылармен кездесу өтті
27 қараша, 2015 жыл 80 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша «Жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Уақасов Мадияр жас спортшылармен кездесті. «Жастар – ел болашағы» атты акция аясында Мадияр Мейіржанұлы Н.Әбдіров атындағы спроттық кешенде жаттығып, шынығатын жас спортшылармен кездесу өткізді. Ертеңгі ел намысын қорғайтын жас спортшылармен тілдесіп, дін мен дәстүр, ілім-білімнің маңызыдылығы турасында әңгіме өрбітті.


Спортшы жастарға күш-жігер мен бірге ойы толысқан азамат болу да маңызды. Мадияр Мейіржанұлы салауатты өмір салтын ұстанған жігерлі жастарға діни ілім-ғылым жайында айта келе, жат ағымдардың айдауына еріп кетпеуге шақырды. Ислам дінінің асыл қасиеттерін сипаттап, дін мен дәстүрімізде жоқ теріс пиғылды ағымдардан сақ болу керек деді. Әрі қарай жастардың қызығушылын тудырған сауалдарына жауап беріп, жас спортшыларға алдағы уақытта ел намысын асқақататар азамат болып, биіктерден көріне беріңдер деп ақжарқын тілегін білдірді.


Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="21143,21144,21145,21146,21147,21148,21149,21150,21151,21152"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары