Қарағанды облыстық орталық мешітінде өңір имамдарының қатысуымен төралқа өтті. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша аудан-қала имамдарының жылдық есебі тыңдалды. Жылдық есеп беру жиналысында ҚМДБ-ның жүктеген 8 бөлімнің басты 4 бағыты: уағыз-насихат, қайырымдылық шаралар, оқу-ағарту және жат ағымдардың алдын алу мәселелері бойынша талқыланды.
Сонымен бірге қарияларымызды құрметтей мақсатында «Қарты бар үй қазына» атты және жастар мәселесі бойынша «Жастар – ел болашағы» тақырыбындағы акция аясында өткен іс-шаралар қорытындысы тыңдалды. ҚМДБ бекіткен «Қазақстан мұсылмандар тұғырнамасы» құжаттамасының насихатталу аясы және дін мен дәстүр сабақтастығы туралы сөз қозғалды.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы өңірге қарасты барлық аудан-қала мешіт имамдарының есебін тыңдап, жыл бойғы атқарған игі шараларын жоғары деңгейде бағалап, аудан имамдары мен шәкірт тәрбиелеуде зор еңбек жасаған мешіт ұстаздарын «Алғыс хат» табыстады.
Өмірзақ қажы Қазкенұлы жыл бойы жасалынған жұмыстар бойыша жеткен жетістіктері мен кемшін кеткен тұстарын да айта отыра, алдағы жылы алған қалпымыздан таймай, үлкен белестерді бағындыруға жазсын деп сөзін қорытындылады.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер