Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қайырымдылық шарасы үдей түсуде
23 қараша, 2015 жыл 76 Басып шығару нұсқасы

«Бала қажы» мешітінің наиб имамы Қалмағанбетов Нұржан Оңғарұлының мешіт шәкірттерімен бірге қайырымдылық шарасын үдете түсуде. Ай басында наиб имамның басқаруымен мешіт шәкірттері көпбалалы анаға көмек қолын созған болатын. Отағасы қайтыс болып, күнкөрісі төмендеген анаға ол кезде азық-түлік, көмір алып берілген болса, бұл жолы азық-түлік пен қаржылай көмек көрсетілді. Шәкірттерден құралған бір топ бұл жанұядағы қыздарға тәтті тағамдармен көңілін аулап, қуаныш сыйлады. Ағаларының ақжарқын көңіліне тәнті болған балақайлар қимай қоштасты. Алдағы күнде Алланың қалауымен, жаны жайсаң азаматтардың демеушілігімен бұл отбасыға қамқорлық шарасы жалғаса бермек.


«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20978,20979"]

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары