Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Діни экстремизммен күрес
23 қараша, 2015 жыл 142 Басып шығару нұсқасы

Ақтоғай ауданы орталық мешітінің бас имамы Түкетаев Ардақ Әділханұлы діни экстремизммен күрес жұмысын белсенді атқарып келеді. Осы жұмада Ақтоғай ауданына қарасты Абай, Кусак және Сарышаған ауылдарында болып, зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Ақтоғай ауданындағы Мәдениет үйінде аграрлық колледж және мектеп оқушыларының басын қосты. Барлығына ортақ тақырып – діни экстремизммен күресу. Мұндай басқосудың негізгі мақсаты өскелең ұрпақты жат ағымдардың арбауынан арашалау, елде тыныштық пен береке орнату. Ардақ Әділханұлының игі істерін қолдап, Қарағанды облыстық «Қазыбек би» қорының директоры Айбек Бекжанов пен Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің философия ғылымдарының профессоры Айтбаев Оңғар Айтбайұлы да арнайы келген. Ауылдарда өткен басқосуда зиялы қауым өкілдері, қарт апа-аталар бас имамның жүргізген уағыз—насихатына тәнті болды. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуде, дәстүрмен сабақтасқан дінімізді сақтауда мұндай жиындардың жиі болғаны орынды десті қариялар. Алланы танып, біліп, тура жолда адаспай жүру мұсылманға біткен бақ. Сол бақты қолдан ұшыруды көздеп, жаман пиғылмен жат ағымдар жасөспірімнің жүрегін жаулауға әрекет етуде. Сол себепті, жат ағымдардың көздеген мақсаттары нендей, олармен қалай күресу қажет, олардан сақтану жолдары кеңінен насихатталды. Оқушылар мен студенттер өз ісінің мамандары, профессор ғалымдардан өзекті ойлар естіп, тұщымды сабақ алды.


Ақтоғай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="20917,20919,20920,20921,20922,20923,20924,20925,20926"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары