ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлының тапсырмасымен «Жастар – ел болашағы» атты акция аясында Қарағанды облыстық орталық мешіт қызметкерлері көптеген шаралар ұйымдастыруда. Аталмыш шараға байланысты «Жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Уақасов Мадияр мен Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Бакирова Арайдың ұйымдастыруымен қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. Мешіт ұстазы Арай Серғалиқызы жарыс өткізу туралы шәкірттеріне қолқа салып, қыздар қауымы да бір кісідей ат салысты. Қаламыздың ЖОО-да оқитын студент қыздар жиналып, тартысты ойын өтті. ҚарМУ мен Қарағанды мемлекеттік медецина академиясы және мешіт жамағатынан құралған «Ихсан» командасы болып жарысты.
Жарыс алдында қатысушылар эстафета ойнап, денелерін шынықтырып алды. Әрі қарай волейбол ойнауға кірісіп, ойын өте тартысты өтті. Қызықты әрі тартысты өткен ойында ҚарМУ қыздары І орынға ие болды. Екінші орынды Қарағанды медицина академиясы иеленді. «Ихсан» командасы ІІІ орынды қанағат тұтты. І орын иеленген командаға қасиетті Құран кітап сыйға тартылды. Қалған командаларға діни сарындағы ғибрат алар кітаптар берілді. Сонымен қатар қыздардың басын қосып, шараны өткізуге белсене ат салысқан мешіт жамағаттарының бірі Абдиманап Маликаға Құран кітап сылап, алғыс хатпен марапаттады.
Қыздар да қоғамның бір мүшесі. Қыз бала болашақ ана, қоғамның ұйытқысы. Сондықтан да нәзік жандылардың жан-жақты болуы өте маңызды. Ойыннан бөлек қызар бір-бірімен жақын танысып, бауырмалдықтарын көрсетті.
Алдағы уақытта да достық пен ынтымақтастықты арттыра түсер жарыстарды өткізіп тұру жоспарда.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
[gallery link="file" ids="20897,20898,20899,20900,20901,20902,20903,20904,20905,20906,20907,20908,20909,20910,20911,20912,20913"]
Пікірлер