Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Джаримбетов Мұхит Бұқар жырау ауданына іс-сапармен барған болатын. Ұстаз ауданға қарасты Ақөре ауылына да барып, мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Жоғарғы сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары жиналған аудитория алдында Мұхит ұстаз жат ағым жайында ақпар беріп, жалынды жастарды сақ блуға шақырды. Ислам дініне қайшы әрекет жасап, өрескел қателікке ұрынып жүргендердің кесірінен діннен хабары жоқтар ислам дініне шорқақтап қарайтын әдеттің басым екені шындық. Ұстаз ислам дінінің өте әділетті, құшағы кең екенін әңгімелеп берді. Мейірімділік пен бауырмалдылыққа баулитын һақ дінді тар шеңбердің ішіне тығып, аясын кішірейткен үлкен қате екенін айтты.
Ауыл ұстаздары мен оқушыларына Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен тағы басқа лауазымды тұлғалар сөйлеген бейнероликті көрсетіп, тамашалады.
Ауыл халқы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспсөз қызметі.
Пікірлер