Күндердің қайырлысы Жұма күні Қарағанды облыстық орталық мешітінде ғалым, теолог, РАНТ мүшесі Әбдісаттар Сманов жамағатқа әсерлі уағыз айтты. Білікті теолог Қарағанды өңіріне іс-сапармен келіп, бір апта бойы уағыз-насиxат жұмыстарын жүргізген болатын. Дін маманы жұмаға жиналған жамағатқа мәсxаб, ақида тұрғысында сөз қозғап, дұрыс жөн сілтеді. Ата-бабамыздан келе жатқан “xанафи” мәсxабы ең дұрысы екенін айта келе Имам Ағзам Әбу-Ханифа жайында тереңірек тарқатып айтты.
Сонымен бірге сан ғасырлық дәстүрді жоққа шығарып, ислами мемлекет құрамыз деп атойлап жүрген жастарды иманға шақырып, ислам дініне қайшы әрекет көрсетіп жүргендерін айтты. Әбдісаттар Смановтың айтуынша барлығы да білімге келіп тіреледі. Қазіргі жастардың ойланбай от басуы да осы ілімнің саяздығынан деді. Ұзаққа созылған уағыз жамағаттың көңілінен шығып, жұма намазы біткеннен кейін де ғалымға сұрақтарын жаудыртып жатты. Теолог, ғалымның айтқан әсерлі уғызын біздің сайтымыздан тыңдай аласыздар.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер