Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Көрерменнің көңілінен шыққан қойылым
20 қараша, 2015 жыл 88 Басып шығару нұсқасы

Көрерменіне жол тартып, жүрек қылын шерткен, бүгінгі күннің болмысын ашып көрсеткен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген әртісі, драматург К.Жұмабековтың «Адасқандар» драмасы шахтинск xалқының зор бағасын алып, ыстық ықыласына бөленді. Өткен сенбі күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртістері ислам дінін терең түсінбеген, жат ағымның жетегіне еріп, өзгенің алдауы мен арбауына түсіп қалған қазақ жастарының тағдырын шығарма өзегіне айналдырды. Қазақтың қаршадай ұлдары мен қыздары ата-анасының тілін алмастан, айтқан ақылын тыңдамастан Сирия еліне кете барады. Шам қаласына барған соң, арам пиғылды талибандардың алдап шақырғанын түсінген қазақ жастары олардың қанды шеңгеліне қалай түскендерін аңдамай қалады, жауыз содырлардың қақпанынан құтылудың жолын іздеп, аласұрады.


Бірақ, оның ешқандай амалы болмайды. Шегінерге жол жоқ екенін ұғады. Екі көздері жәудіреп, туған жердің топырағын, ата-ананың аялы алақанын аңсап, сағынады. Жалған діни ағымның өкілдері Алла тағаланың жолында қазақ жастарын қанды қырғын, жазықсыз жандарды қыру, өлтіру миссиясын орындауға жұмсайды. Сиряға не үшін, неліктен барғандарын кеш аңдаған жастар тығырықтан шыға алмай, қатты өкінеді. Асылы Сирия еліне «нағыз мұсылман боламыз, балаларымызды мұсылман етіп тәрбиелейміз, қыруар ақша табамыз» деп барған олардың ойлаған армандары жүзеге аспайды. Керісінше, қатігездік әрекеттерін жасау, соғысу керек екенін түсінеді. Ақыр аяғында өлім құшады.


Сондықтан бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналған жалған діни ағымның шынайы бет-бейнесін көрсеткен бұл спектакль өзгелерді адаспас үшін он ойланып, жүз толғану қажет екенін еске салады. Яғни, адаспауға үндейді.


А.Тұржанов


[gallery link="file" ids="20851,20852,20853,20854,20855"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары