Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қараша айында «Жастар – ел болашағы» атты іс-шара бастау алды. Соның аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжінде «Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара барысында Саран мешітінің жастар бөлімінің жетекшісі Әбдіғали Естай «Дін және дәстүр» тақырыбында ой қозғап, студент жастарға әдеп, тәрбие, білім, сенім туралы көптеген уағыздар айтып, жастарды діни біліммен сусындатты. Өз кезегінде студенттер ойларындағы сұрақтарын қойып, алған жауаптарына ризашылықтарын білдірді. Колледждің жастар ісі жөніндегі комитеттің хатшысы Д. Ниязбекова Саран мешітінің жастар бөлімінің жетекшісі Әбдіғали Естайға тағылымы мол, маңызды уағыз айтып, жастарға рухани білім бергені үшін зор алғысын білдірді.
Пікірлер