Абай ауданында дін өкілдері мектеп оқушыларымен кездесіп, дін мен дәстүр, ата-ананы құрметтеу, сыйластық, бауырмалдық жайында уағыз айтты. ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша «Жастар ісі» бөлімінің меңгерушісі Уақасов Мадияр «Жастар – ел болашағы» атты акцияны ту етіп, ертеңгі кемел болашақтың кепілі жас ұрпақпен тілдесіп, көкейге қонымды дүниелерімен бөлісті.
Мадияр Мейіржанұлы оқушыларға «Еліміздің жарқын болашағы – сендердің қолдарыңда. Білім көкжиектеріңді кеңейтіп, ілім-ғылымға деген ынталарың әрдайым биік болу керек», -деп бағыт-бағдар сілтеді.
Сонымен бірге ауданға жаңадан келген бас имам Асылхан Түсіпбеков оқушылар алдында сөз алып, ислам құндылықтарын айта келе, адамгершілік қасеиттерді бойға сіңіріп, үлкенге құрметпен, кішіге ізетпен қарауға шақырды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мектеп ұстаздары дін өкілдеріне алғыстарын білдірді.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікірлер