Бұқар жырау агротехникалық колледжінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында дәріс өткізілді. Ауыл имамы Хумар Бақытжан қажы студенттермен кездесіп, жат ағымның салдары жайында баяндады. Жастарды теріс ағымнға еріп кетпеуі үшін және Сириядағы үдемелі жағдайға душар болмаулары үшін ақыл-кеңес беріп, бірнеше мысалдар келтірді. Әсіресе "хижрет" деген ұғымның мағынасына кеңірек тоқталды. Аталмыш дәріске оқу орнының 1-ші және 2- ші курс студенттері қатыстырылды. Діни дәріс соңында ауыл әкімдігінен бас маман Жауденова Ғалия да жастарға өз кеңестерін берді. Жалпы алғанда, колледжде өткен дәрістің пайдасы мен әсері мол болды.
Пікірлер